Компания жайлы

Бүгінгі уақытта 120 мемлекеттегі 36 000-нан астам McDonald’s мейрамханаларындағы 1,7 миллионға жуық қызметкерлері күнделікті мейрамхананың 60 миллионнан астам қонақтарына қызмет көрсетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт, біз өз ісімізді және сол істі атқарып жүрген қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз.

40-шы жылдардың соңында ағайынды Дик және Мак Макдоналд Сан – Бернардинодағы (Калифорния) шағын мейрамхананы таңғаларлық бизнеске айналдырды. Олар жедел қызмет көрсету мен арзан баға және үлкен көлемге негізделген айрықша жаңа концепцияны ойлап тапты.

1954 жылы Рей Крок ағайынды Макдоналдтардан франчайзинг бойынша эксклюзивті агент болу құқығын сатып алды.

1955 жылдың 15 сәуірінде Рей Крок Иллинойс штатындағы Дез-Пленз қалашығында өзінің бірінші McDonald’s мейрамханасын ашты (қазіргі уақытта корпорацияның мұражайы).

Крок ағайынды Макдоналдтардың қағидаттарын сақтап қалды, яғни – шектеулі мәзір, сапалы ас, құрастыру желісі арқылы дайындау жүйесі, жедел, жылы, әрі шырайлы кызмет көрсету, сонымен қатар өзінің тазалыққа деген жоғары стандарттарын қосты.

8 наурыз күні Астанада Қазақстандағы алғашқы McDonald’s® мейрамханасы есігін айқара ашты. Қазақстан  бүкіл әлемге әйгілі желінің кәсіпорындары жұмыс істейтін 120-шы мерейтойлы ел болды. Біз аты аңызға айналған сауда белгісінің дәстүрлерін сақтай отырып, қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын өзіміздің әлемге әйгілі тағамдарымыздың дәмімен таныстыруға дайынбыз.

McDonald’s-тың басты қағидалары: Сапа, Қызмет көрсету мәдениеті, Тазалық пен Қол жетімділік (СҚТҚ) – барлығына бір және әр келген сайын!

Біз мейрамхананың қонақтары мен олардың мейрамханадан алған әсерін жұмысымыздың төріне қоямыз.

Біз қонақтарымыздың арқасында ғана жұмыс істейміз. Оларға жоғары сапалы тағамдарды қол жетімді бағамен ұсына, тамаша қызмет көрсету мен таза, қонақжайлы мейрамханаларда қарсы алу арқылы өз құрметімізді білдіреміз.

Біз өз қызметкерлерімізді бағалаймыз

Біз мүмкіндіктерді ашамыз, икемдерін дамытамыз, басшыларды жетілдіреміз және жетістіктер үшін марапаттаймыз. Біз, жақсы жаттыққан, алуан-түрлі тәжірибесі мен білімі бар қарым-қатынас пен өзара құрметтілікке қолайлы және жұмыс үрдісіне әсер ете алатын топтағы қызметкердің әрқайсысының жұмысының нәтижесі біздің табысымыздың басты себебі екеніне сенімдіміз.

Біз McDonald’s жүйесіне сенеміз

McDonald’s бизнес үлгісінің басты үш қосалқысы – иелер/басқарушылар, жеткізушілер және компания қызметкерлері.

Осы үш топтың мүддесінің теңгерімін ұстау біздің негізгі мақсатымыз.

Біз бизнес этикасын сақтап жұмыс істейміз

Адал этика кез келген бизнестің негізі болып табылады.

Біз McDonald’s-та осы қағидаға сүйене отырып, жоғары стандарттарды ұстана, өз бизнесімізді ашық, адал және әділетті жасаймыз. Біз жеке және ұжымдық жауапкершілікті сақтаймыз .

Біз қоғам өміріне қатысамыз

Біз әлеуметтік жауапкершілігімізге шындап қарай отырып, өзіміз жұмыс істеп жатқан қоғамның тұрмыс сапасын көтеруге тырысамыз. Және әлемді жақсартуға компанияның барлық ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдаланамыз.

Біз табысты бизнесті дамытамыз

Бізге қызмет жасайтын барлық компаниялар біздің қонақтарды қарсы алуға ат салысады. Біз, өз жүйеміздің барлық мүшелері мен инвесторлардың бизнесі тұрақты және табысты болуын қамтамасыз етеміз.

Біз әрдайым жетілуге ұмтыламыз

Біз мейрамхана қонақтарының, қызметкерлердің және жүйенің өзгеріп отыратын қажеттіліктерін алдын ала біліп, тоқтаусыз жетілу мен инновация арқасында іс әрекет жасайтын, сонымен қатар жаңалыққа үнемі көңіл бөлетін ұйымбыз.