Жаңа McDonald’s®-тағы футбол мерекесі

15 қаңтар 2018

13 қаңтар күні жаңа McDonald’s® мейрамханасының ашылу салтанатына орай футбол мерекесі өткізілді!  

Бұл күні футбол әуесқойларын тосынсый, яғни «Қайрат» ФК атақты ойыншыларымен кездесу, көптеген қызықты ойын-сауықтар мен ұнамды сыйлықтар күтті! Команда капитаны  Бауыржан Исламханмен үстел үсті футболын ойнайтын, Георгий Жуков пен Исаэль Барбосадан автограф алатын немесе Андрей Аршавинмен және Владимир Плотниковпен суретке түсетін сәт енді қашан туады екен? 

Кофе талғампаздары да жаңа McDonald’s® мейрамханасына лайықты баға берді. Өйткені дәл осы жерде 100% арабикадан дайындалған керемет кофе мен нәзік десерттер ұсынатын Қазақстандағы алғашқы McCafé® ашылды.  

Баршаңызды Бұқар жырау – Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы McCafé®-сі бар McDonald’s® жаңа мейрамханасында сүйікті түскі ас пен бір шыныаяқ хош иісті капучино ішуге күтеміз.