05.06.18 ж. «Туған күніңмен McDonald’s Алатау» науқанын өткізудің ресми ережесі

06 маусым 2018
  1. 2018 ж. 6-10 маусымы аралығында арнайы #ДР_McD_Алатау хештегін пайдаланып, әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында құттықтау постын жазған мейрамхананың кез келген қонағына 2018 ж. 10 маусымында кез келген тапсырыс жасаған кезде (пакетпен тұздықтан басқа) мөлшері 0,25 л салқын сусын (таңдауына қарай Coca-Cola, Fanta немесе Sprite) ұсынылады.
  2. Ұсыныс тек McDonald’s Алатау мейрамханасында ғана әрекет етеді, мекенжайы: Қазақстан  Республикасы, Алматы қ., Төле би көш., 41.
  3. Сатып алушы 0,25 л салқын сусынды мейрамхананың қызметкеріне фискалды чекті арнайы мөртабамен өтеу үшін ұсынған және әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында құттықтау постын ұсынған жағдайда Науқан шарттарына сәйкес келетін тапсырысты алған сәтте алады.
  4. Науқан шарттарына сәйкес келетін тапсырыс жасап, ақысын төлеген күні тапсырыстың максималды сомасына қарамастан, бір чек бойынша 0,25 л. салқын сусын алуға болады; арнайы мөртабанмен өтелген чектер науқанға қайтадан қатыстырылмайды.   
  5. Арнайы мөртабанмен өтелген, зақымданған және фискалды емес чектер Науқанға қатыстырылмайды.   
  6. Науқан шарттарына сәйкес келетін тапсырыс алған сәтте сатып алушы арнайы мөртабанмен өтеу үшін чек ұсынбаған жағдайда сатып алушы сыйлық алуға (0,25 л салқын сусын) үміткер бола алмайды. 
  7. Сатып алушы сыйлық (0,25 л. салқын сусын) алу үшін ұсына алатын бір күндегі және Науқанның барлық кезеңіндегі чек саны шектелмеген, сатып алушы Науқан шарттарына сәйкес қонақтың сауда жасаған күні тапсырыс алған кезде ұсынған чегі қанша болса, сонша 0,25 л салқын сусын ала алады.
  8. Ұйымдастырушы кез келген уақытта Науқанды тоқтатуға немесе ұзартуға, сондай-ақ осы Ресми ережені өзі дұрыс деп тапқандай өзгертуге құқылы. 
  9. Қандай жағдай болмасын, Науқанды Ұйымдастырушы ұсынған 0,25 л салқын сусын бөтелкелерін оның ақшалай құнына айырбастауға болмайды. 
  10. 2018 жылдың 11 маусымы күні «Food Solutions KZ» ЖШС қызметкерлерінің көмегімен ең керемет құттықтау постының авторлары таңдалады, оның 10-ы (оны) сыйлық ретінде өнімдер үлесімін алады. Бір үлесімге мыналар кіреді: 1 (бір) Биг Мак, 1 (бір) Фри картобының стандартты үлесімі, 0,4 л 1 (бір) стандартты салқын сусын (Coca-Cola, Fanta, Sprite).
  11. Қандай жағдай болмасын, Науқанды Ұйымдастырушы ұсынған 0,25 л. салқын сусынды, сондай-ақ өнімдер үлесімін сатуға немесе қайта сатуға болмайды. 
  12. Науқанға қатыса отырып, осы Ресми ереже мәтінімен мұқият танысқаныңызды, Ресми ереже шарттарымен және қағидаларымен қандай да бір шектеусіз немесе ерекшеліксіз сөзсіз келісетініңізді автоматты түрде растайсыз. 
  13. Науқанды Ұйымдастырушы: «Food Solutions KZ» ЖШС, 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы, Тимирязев көш., 18А үй. 06.06.18 ж. «Туған күніңменMcDonald’s Алатау» ынталандыру іс-шарасын өткізудің ресми ережесі