Нағыз «Қайрат» жанкүйерлері үшін Хэппи Мил кітабы сыйлыққа

22 маусым 2018

                       18.06.18 жылғы «Сыйға кітап» науқанын өткізудің ресми ережесі   

  1. 22.06.18 ж. сағат 07:00-ден 24.06.18 ж. сағат 23:59-ға дейін McDonald’s® мейрамханасының залынан, өз-өзіне қызмет көрсету дүңгіршектерінен және  McDrive арқылы тұздық пен дорбадан басқа, кез келген өнімді сатып алған қонақ Қайрат ФК ресми сайтының  https://fckairat.com/ сілтемесі бойынша «Қайрат ФК - Астана» матчына сатып алған билетін қағазға шығарып көрсеткен жағдайда Хэппи Мил кітабын сыйға ала алады.
  2. Ұсыныс Алматы қаласындағы McDonald’s Бұқар жырау мейрамханасында әрекет етеді, мекенжайы: Минин көш., 14/1 (Бұқар жырау бул. – Байтұрсынов көш.)
  3. Сатып алушы Науқан шарттарына сәйкес келетін тапсырысты алған сәтте Хэппи Мил кітабын сыйға алады, мейрамхана қызметкеріне арнайы, қағазға басып шығарылған билетті ұсынған сатып алушының чегі жыртылады, бұл көрсетілген чек бойынша Хэппи Мил кітабының сыйға берілгенін айғақтайды.
  4. Сатып алушы Хэппи Мил кітабын тапсырыс берген мейрамханаға арнайы, қағазға басып шығарылған билетті ұсынған жағдайда және тапсырыс беріліп, ақысы төленген күні ғана ала алады.     
  5. Қағазға басып шығарылған бір билет бойынша тапсырыс жасалған күні (тапсырыстың ең жоғарғы сомасына байланысты емес) бір ғана  Хэппи Мил кітабын алуға болады. 
  6. Қандай да бір себептермен Хэппи Мил кітабы қонаққа уақытында берілмесе, оны фискалды растау чегін және қағазға басып шығарылған матч билетін ұсынған жағдайда тапсырыс жасалған/ақысы төленген күні кез келген уақытта ала алады. 
  7. Зақымданған және жыртығы бар қағазға басып шығарылған матч билеті Науқанға қатыстырылмайды.  
  8. Сатып алушы тапсырыс берген сәтте арнайы, қағазға басып шығарылған матч билетін ұсынбаған жағдайда сыйлық (Хэппи Мил кітабын) алуға үміткер бола алмайды. 
  9. Сатып алушының Хэппи Мил кітабын алу үшін ұсынуы мүмкін қағазға басып шығарылған матч билетінің бір күндегі және Науқанның барлық кезеңіндегі санына шектеу қойылмайды, сатып алушы сауда жасаған күні тапсырыс алған кезде Науқан шарттарына сәйкес келетін қанша қағазға басып шығарылған билет ұсынса, сонша кітап ала алады.   
  10. Ұйымдастырушы Науқанды кез келген уақытта тоқтатуға немесе ұзартуға, сондай-ақ осы Ресми ережені өз ұйғарымы бойынша өзгертуге құқылы. 
  11. Қандай жағдай болса да, Ұйымдастырушының Науқан бойынша берген Хэппи Мил кітабын сатуға немесе алып-сатуға болмайды.   
  12. Қандай жағдай болмасын, Ұйымдастырушының Науқан бойынша берген Хэппи Мил кітабын басқа өнімге немесе оның құнының ақшалай баламасына айырбастауға болмайды. 
  13. Науқанға қатыса отырып сіз осы Ресми ереженің мәтінімен мұқият танысып шыққаныңызды растайсыз және қандай да бір шектеусіз немесе ерекшеліксіз Ресми ереже шарттарымен және қағидаларымен сөзсіз келісесіз. 
  14. Науқанды ұйымдастырушы: «Food Solutions KZ» ЖШС, 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы, Тимирязев көш., 18А үй.
  15. Науқанға қатысатын билеттің үлгісі:билет