McDonald's-тағы қонақтарға үстелдерде қызмет көрсету жоғары технологиялық сервис - McTable service

16 мамыр 2019

McDonald's-тағы қонақтарға үстелдерде қызмет көрсету жоғары технологиялық сервис - McTable service

Әрдайым алға ілгерілеуге және үнемі дамуға ұмтыла отырып, Қазақстандағы McDonald's McTable service қонақтарға үстелдерде қызмет көрсетудің жоғары технологиялық сервисін іске қосты, соның арқасында әрбір қонақ үстелде өз тапсырысын күте отырып, қолайлы жағдайда достарымен немесе отбасымен көбірек уақыт өткізе алады.

Сервис Алматы қаласы, Төле би көшесі 41 мекен-жайында орналасқан әзірге бір ғана McDonald’s мейрамханасында, тестілік режимде іске қосылған. Жыл ағымында басқа да McDonald’s  мейрамханаларында сервисті дамыту жоспарланып отыр. 

McTable service жұмысының принципі заманауи ІТ-технологияларын қолдануға негізделеді. Тапсырысын орналастыру процесінде қонақ McTable service опциясын таңдай алады және бұл жағдайда оған бірегей нөмірі мен кіріктірме радиомодулі бар үстел локаторы беріледі. Келген адам оны қолына алып, мейрамхана ішінде немесе жазғы алаңшықта кез келген ыңғайлы үстелге барып отырады. Тапсырыс әзір болғанша, мейрамхана қызметкері қонақтың локаторының орналасқан жерін арнайы экраннан көреді және тапсырысты тікелей үстелге апарады. Осылайша, қонаққа өз тапсырысын тағамдар берілетін жерде күтудің қажеті жоқ, мейрамхана залында немесе жазғы алаңшықта ыңғайлы орынға отырып, сүйікті тағамдары дайын болғанша, уақытты жайлылықпен өткізе алады. Тапсырысты орналастыру процесі өзгеріссіз қалады: тапсырыс касса арқылы немесе өзіне-өзі қызмет көрсету киоскілері арқылы жасалып, тапсырысты беру ғана технологиясы өзгереді.

Егер қаласа, қонақ өз тапсырысын өзі алып кете алады.

McTable service басты мақсаты  - бүкіл әлем бойынша McDonald’s  мейрамханаларындағы қызмет көрсету стандарттарын жайлылықтың жаңа деңгейіне көтеру және қонақтарға бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз ету, олардың ішінде қызмет көрсетудің анағұрлым ыңғайлы және уақытылы процесінен басқа, тапсырысты тарату орындарында кезек күтпеуге мүмкіндік беріледі.

Біз қонақтарымыздың уақытын бағалаймыз, сондықтан  тапсырысты күту процесі қолайлы жағдайда өтетін жылдамдылық пен тиімділік біз үшін бірінші орында! Сіздердің әр келуіңізді ерекше болуына тырысамыз!