Серіктестік

Жедел желі

Біздің қызметіміздің негізінде іскери этиканы сақтау, адалдық пен сенімділік жатыр. Біздің компания өзінің қызметін қатаң түрде сыбайлас жемқорлық және алаяқтықпен күреске қатысты ҚР Заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Егер Сіз McDonald’s® Қазақстан компаниясымен өзара әрекеттесу кезінде заңға қайшы әрекеттердің куәсі болсаңыз, Сізден кері байланыстың нысанын толтырып, «жедел желі» бойынша бізбен ақпаратпен бөлісуіңізді сұраймыз және біз міндетті түрде оны қарастырып, Сізге хабарласамыз.

Жұлдызшамен * белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлік

Жылжымайтын мүлік бөлімі Қазақстан Республикасында McDonald’s® мейрамханаларының желілерін дамытумен айналысады. Коммерциялық жылжымайтын мүліктердің, жер телімдерінің меншік иелерін ынтымақтастыққа шақырамыз. Коммерциялық ұсыныстарыңызды келесі байланыстар бойынша жіберулеріңізді сұраймыз және біз оларды міндетті түрде қарастырып, Сізбен хабарласамыз.

Email: info@kz.mcd.com | realestate@kz.mcd.com

Сатып алулар

McDonald’s® Қазақстан компаниясы жұмысының негізгі қағидаларының бірі – бұл ферма/өрістен, өндірістен, мейрамханалардан бастап, тұтынушыға сатуға дейін бүкіл тізбек бойы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта біз McDonald’s® -тің тексерілген жеткізушілерінен сапасы ең жақсы өнімдерді сатып аламыз. Егер Сіз өнімдерді сату бойынша біздің компаниямен ынтымақтасуға мүдделі болсаңыз және McDonald’s® -тің корпоративтік жеткізушісі болуға дайын болсаңыз, өздеріңіздің ұсыныстарыңызды жіберіңіз және біз оларды міндетті түрде қарастырамыз.

Email: info@kz.mcd.com | sc@kz.mcd.com

Құрылыс

Біздің компанияның басты міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасындағы және McDonald’s® Ғаламдық Корпорацияның алдыңғы қатардағы технологиялары мен стандарттарына сәйкес McDonald’s® -тің жаңа мейрамханаларын салу және іске қосу болып табылады. Бұл мақсаттар үшін біз тәжірибелі, сенімді және өршіл мердігерлерді ынтымақтастыққа шақырамыз, егер сізде осыған қызығушылығыңыз болса, өздеріңіздің ұсыныстарыңызды жіберіңіз және біз оларды міндетті түрде қарастырамыз.

Email: info@kz.mcd.com | construction@kz.mcd.com