Пресс-релизы

Алматыда ең үлкен балалар алаңы бар McDonald’s® мейрамханасы ашылды

Бұл Қазақстан Республикасында ашылған әлемге әйгілі желінің 14-ші мейрамханасы, ал Алматы қаласындағы 8-інші мейрамхана. Жаңа ашылған мейрамхананың арқасында 45 жаңа жұмыс орны құрылды және оған тиесілі аумақ абаттандырылды. 

Бұл мейрамхананың ерекшелігі – алаң әртүрлі жастағы балаларға арналған арнайы 3 аймаққа бөлінген үлкен балалар алаңы. Ең кішкентай балақайларға (6 жасқа дейінгі) құмсалғыш, әртүрлі алтыбақандар және мүмкіндігі шектеулі балалар ойнайалатын «Ұшақ» ойын модулі бар. Жасы үлкенірек (6-13 жас аралығы) балалар үшін көптеген бұрандалы құбырлары, горкалары, аспалы көпірлері мен арқан торлары бар тұтас ойын кешені салынған. 14 жастан асқан жасөспірімдер үшін белтемір, қоссырық және салауатты өмір салтын сақтауға қажет нәрселердің бәрі бар, жеке StreetWork аймағы салынған. 

Мейрамхананың ішінде 105 орын және жаздық алаңда 64 орын бар. Мейрамхананың жалпы ауданы 436 шаршы метр. Мұнда McDonald’s®-тің басқа да мейрамханаларындағыдай ең заманауи қызмет көрсету жүйелері, оның ішінде өз бетіңше қызмет көрсету дүңгіршіктері орнатылған. Көлік жүргізушілердің ыңғайлығына, мейрамхана сыртқы периметрі бойынша көңілден шыққан McDrive жүйесімен жабдықталған, бұл жүйе арқасында автокөліктен шықпай-ақ тапсырыс жасап, оның ақысын төлеп, тапсырысты алуға болады. «Side-by-Side» тұжырымы бірмезгілде бірнеше автокөлікке қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, орташа есептегенде, өткізу қабілеті сағатына 100 көлікке дейін жетеді. 

Мейрамхананың ішінде, қонақтарға жайлылық беріп, өздерін емін-еркін сезінулеріне арналған ахуал жасау үшін «Lim Family» дизайн-тұжырымы пайданылған.

Жаңа мейрамханада кішкентай меймандарға үлкен назар аударылды. Хэппи Мил ойыншығы бар атақты түскі астан басқа әр жексенбі сайын тегін таңертеңгіліктері өткізіледі.  

Мейрамханада отбасылық жайлы демалуына қажет жағдай жасалған.

 

Ақтөбе облысында алғашқы McDonald’s® мейрамханасы ашылды

Бұл McDonald’s® дүниежүзілік белгілі брендтің мейрамханалары жұмыс істейтін Қазақстандағы төртінші қала. Мемлекетімізде Астана, Алматы және Қостанай қалаларында ұсынылған McDonald’s® 12 мейрамхана бар. 

«Белгілі брендтің алғашқы мейрамханасының ашылуы өңірде инвестициялау үшін барлық жағдайлар  жасалғанын білдіреді. Мейрамхананың ашылуымен жастар жұмыс басты болатыны және олардың McDonald’s® қабылданған дүниежүзілік стандарттар бойынша оқудан өту мүмкіндігі болатыны біз үшін де маңызды. Қазірдің өзінде қосымша жаңа 60 жұмыс орны құрылды. Мейрамханада мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажеттіліктер және балаларға арналған ойын аймағы ескерілгені қуантады. Мейрамхана ақтөбеліктер үшін жаңа ойын-сауық орны болатынына, ал қала бюджетке қосымша салықтық түсімдерді алатынына сенемін», - деді мейрамханының ашылуында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.   

«Қазақстанда 2016 жылдың наурыз айынан бері алғашқы McDonald’s® мейрамханасының ашылуынан бастап біз 12 миллионнан жоғары қонақтарға қызмет көрсеттік, 700-ден  астам жаңа жұмыс орнын құрдық, Алматы, Астана және Қостанай қалаларында 12 жаңа мейрамханаларды аштық, ал бүгін Қазақстан бойынша он үшінші және Ақтөбе қаласында алғашқы McDonald’s® мейрамханасын ашып отырмыз. Әлеуметтік жауапты компания ретінде McDonald’s Қазақстан Республикасында белсенді өмір салтын жүргізу, білім беру, мәдениет және спорт бағдарламаларын белсенді қолдайды. Біз 25,5 млн. теңге сомада қайырымдылық көмек көрсеттік.  Ал Қазақстанда  EXPO 2017 Халықаралық Мамандырылған көрме жүргізу кезеңінде McDonald’s  1 500 еріктілер үшін 40 000-нан астам тегін түскі ас ұсынды. McDonald’s бренді Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиядалық Комитетінің ресми демеушісі болып табылады. Өздеріңіз білетіндей біздің паралимпидалықтар дүниежүзілік спорт ареналарында Қазақстанды сәтті көрсетеді.  Ақтөбедегі жаңа мейрамхана қала тұрғындары мен қала қонақтарын тартатын орталыққа айналсын», - деп сөз сөйледі Қазақстандағы McDonald’s  франшизасының иесі Қайрат Боранбаев.

Мейрамхана 96 орынға және ішіндегі жазғы алаңда 64 орынға есептелген. Мейрамхананың жалпы ауданы  470 ш метр. Басқа мейрамхалардағыдай Ақтөбеде қызмет көрсетудің ең заманауи жүйелері, соның ішінде өзіне-өзі қызмет ету киоскілері қолданылған. Автомобильшілерге ыңғайлы болуы үшін сыртқы периметрі бойынша мейрамхана McDrive жүйесімен жабдықталған, соның арқасында автомобильден түспей-ақ тапсырыс беруге, оны төлеуге және алуға болады.  «Side-by-Side» тұжырымдамасы бір уақытта бірнеше автомобильдерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, бұл ретте өткізу қабілеттілігі орташа алғанда сағатына 100 көлікке жетеді. Мейрамхананы ресімдеген кезде табиғи материалдар – табиғи ағаш пен тастарды пайдаланумен «Wood & Stone» дизайн-тұжырымдамасы қолданылды. Мейрамханада кішкентай келушілерге үлкен назар аударылған. «Хэппи Мил» ойыншығымен белгілі түскі астан басқа, балаларға шытырман, интерактивті еден, ксилофон, үстел ойындары және отбасылық ойын сауық үшін басқа көптеген сауықтармен жабдықталған арнайы бөлме бар.

Мәзірде дәстүрлі және көбі ұнатып қалған Биг Мак, Фри картобы, Чикен Макнаггетс және өзге де фирмалық тағамдар бар.

 

Алматыдағы жаңа McDonald’s® мейрамханасының ашылуы!

Қазақстандағы 12-ші McDonald’s® мейрамханасы 2018 жылдың 13 қазанында Райымбек даңғылы бойындағы «MAXIMA» сауда ойын-сауық кешенінің жанында ашылды.

 

Барлық McDonald’s® мейрамханаларындағыдай, мұнда қонақтарды жоғары сапалы өнімдер, қонақжай сервисі, жағымды жағдай мен тегін Wi-Fi күтеді. Тапсырысты касса арқылы да, өзіне-өзі қызмет көрсететін заманауи киокскілер көмегімен де беруге болады.

Сондай-ақ, мейрамхана халық ұнатқан McDrive® жүйесімен жабдықталған, соның арқасында автомобильден шықпай тапсырыс беріп, оны төлеп, алуға болады. McDrive® желісіндегі «Тандем» тұжырымдамасы бір уақытта бірнеше автомобильдерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, бұл ретте  өткізгіштік қабілеттілігі сағатына 100 автомобильден асады. Мейрамхананың жалпы ауданы 473 ш.м. құрайды, оның ішінде 87 және жазғы террассада 48 қондырмалы орын бар. Алматыда жетінші және Қазақстанда он екінші мейрамханасының ашылуының арқасында тағы да 50 жаңа жұмыс орны құрылды.

Мейрамхананың ішкі безендіруі LIM Food стилінде орындалған - бұл жастар декоры, оның ерекшелігі - үлкен қабырғадағы адамдар мен жаңа өнімдерді бейнелейтін суреттер.

Мейрамхана ғимараты қозғалысы шектеулі тұрғындар тобының қолжетімділігі үшін нормативтерді ескере отырып толығымен іске асырылды және «жасыл технологиялар» саласында McDonald's компаниясының алтын стандарттарына сәйкес келеді.

2018 жылдың соңына дейін Қазақстанда тағы екі McDonald’s® жаңа мейрамханасы ашылады.

 

McDonald’s® баспасөз қызметі

5 қазанда McDonald's Қазақстан компаниясының барлық топ-менеджерлері мейрамханалардың әдеттегі қызметкерлері болады

Бүгін, 5 қазанда әлемнің барлық елдеріндегі McDonald's бас кеңсесінің топ-менеджерлері мен қызметкерлері мейрамханалардың командаларымен бірігіп McDonald's мейрамханаларында жұмыс істей отырып, қонақтармен бірге күнін өткізеді. Қазақстанда жаһандық бастаманы толығымен қолдайды және компанияның әрбір қызметкері үшін осындай айтулы оқиғаға белсенді қатысады. Бүгін - McDonald’s корпорациясының негізін қалаушы Рэй Кроктың туған күні.

McDonald's компаниясы Биг Мактың 50 жылдық мерейтойына орай MacCoin коллекциялық монеталарын шығарды.

McDonald's компаниясы Биг Мактың 50 жылдық мерейтойына орай MacCoin коллекциялық монеталарын шығарды.
 

MacCoin алғашқы ғаламдық азық-түліктік валюта болып саналады

 

Алматы, 6 тамыз 2018 ж. McDonald's Биг Мактың 50 жылдығына орай MacCoin дүниежүзілік валютасын ұсынды. Биг Мактың бүкіл әлем бойынша табынушылары әртүрлі іс-шараларға қатыса отырып, 2 тамыздан бастап MacCoin алатын болады. Монеталарды коллекциялауға немесе 2018 жылдың соңына дейін 50-ден астам қатысушы-елдегі McDonald's мейрамханаларында тегін Биг Макқа айырбастауға болады.

 

50 жыл ішінде аты аңызға айналған Биг Мак сандвичі бүкіләлемдік мойындауға ие болды. Сонымен қатар, оның танымал болғандығы соншалықты, «The Economist» журналы оның құнын, жыл сайынғы негізде, әртүрлі елдердің валюталарының сатып алу қабілеттілігін салыстыруға арналған экономикалық құрал ретінде пайдаланады. Осы жайт MacCoin-ды жасау үшін шабыт болды.

 

«50 жыл бұрын McDonald's мәзіріне енгізілген сәттен бастап, Биг Мак бүкіл әлемді жаулап алды және бүгінгі күнге дейін келушілерге бақытты сәттерді сыйлауды жалғастыруда», - деді McDonald's-тың президенті және басты атқарушы директоры Стив Истербрук. «Біз мерекелеуді сандвичтің өзі сияқты бірегей еткіміз келді. MacCoin-ның басқа валюталармен салыстырғандағы артықшылығы, оның Биг Мактың дәмінен ләззат алу мүмкіндігін беретіндігінде».

 

6,2 млн. астам MacCoin бүкіл әлем бойынша 50-ден астам елде таратылатын болады. Осы естелік монеталар бес бірегей дизайнда жасалған, олардың әрқайсысы Биг Мак тарихындағы белгілі бір он жылдықты символмен көрсетеді. MacCoin-ның артқы жағында өнерді, музыканы және поп-мәдениетті қоса алғанда, тиісті уақыттың элементтері қамтылған, ал беткі жағында Биг Мактың 50-жылдығының символы бейнеленген. 70-ші жылдар, мәселен, жаздың, гүлденген кезеңнің символын көрсетеді, ал 80-ші жылдар абстракция мен 3D-пейзаждардың әркімнің санасын дүрліктірген ерте компьютерлік ғасыр кезеңі. Ерекше атмосфераны туғызатын ретро стиль, абстрактылы фигуралар 90-шы жылдар монеталарының дизайны үшін шабыт берді, ал нөлінші жылдар дизайны ғаламдық компьютерлендірумен байланысты. Соңында 2008-2018 жж. монетасының дизайны Қазақстанда McDonald’s-тың алғашқы мейрамханасының ашылуына орайластырылды!

Монеталарда жеті тілдің бар екендігін атап өту керек: араб, ағылшын, индонезия, мандарин, португал, квебек және испан тілдері.

 

 «Менің арғы атам Джим Делигатти Юнионтаундағы өз грилінде Биг Макты ойлап тапқан кезде, бірінші кезекте ол, өзіне келген қонақтарының бақытты болғандығын қалаған», - деді Ник Делигатти, төртінші буындағы McDonald’s мейрамханасының иесі. «2 тамызда менің арғы атамның туылғанына 100 жыл толатын еді және мен оның тамаша сандвичінің осындай күшті әсер туғызғандығы үшін және бүкіл әлемдегі адамдар, өздерінің қайда болғандығына қарамастан оның дәмін тату мүмкіндігіне ие болғандығы үшін ол мақтаныш сезімінде болатын еді деп есептеймін».

 

9 жасар Астана тұрғыны футболдан әлем чемпионатының финалында алаңға шығады.

Астаналық 9 жасар Мадали Исабек футболдан әлем чемпионатының финалында алаңға шығады. Ол алаңға әлемдік доп додасының финалына шығатын екі команданың ойыншыларының бірімен ілесіп шығады. Осы жаздың ең басты спорт шарасының финалы 15 шілдеде Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді. Мадалидің әкесі Мейрамбек Исабеков екі адамға сапарды McDonald's® Қазақстан компаниясы ұйымдастырған ұтыста жеңіп алған болатын. Ол баласымен осы сапарда бірге болып, финалдық ойынды тамашалайды. 

«Ұтыс туралы McDonald's® ресторанына тамақтануға барғанда білдім. Төлем жасаған соң, кассир бізге купонды ұсынып, қалай тіркеу керектігін түсіндірді. Оны тіркеген кезде мұндай бақытқа кенелетінімді білген жоқпын. Компаниядан хабарласып, финалға жолдама ұтып алғанымды айтқанда бес баламның үлкені Мадалиді алатынымды бірден айттым. Ұлымыз екеуміз футболдың жанкүйері болғандықтан Әлем чемпионатының финалын тамашалау біз үшін арман. Арманымның орындалғанына қуаныштымын», - деді Мейрамбек Исабеков.

McDonald's® Қазақстан компаниясы осы жылдың 29 наурызы мен 31 мамыры арасында өткен «Әрбір түскі аспен жеңіске жету мүмкіндігі көбірек» науқанын өткізген болатын. Науқанның нәтижесінде 13 жеңімпаз анықталды. Оның 5-і ширек финал ойындарына, 4-і жартылай финал ойындарына, 3-і ақтық финал ойындарына сапар және 1-і финалда ойнайтын екі команданың ойыншыларының бірімен ілесіп шығу мүмкіндігі. Оған қоса ұтысқа 150 000 McDonald's® өнімі қатысты. 

Науқанға 1500 теңгеден аса сомаға тағам мен сусын сатып алған Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары қатыса алды. Купон жедел ұтыс ойынына қатысуға және футболдан әлем чемпионатына жолдама ұтып алуға мүмкіндік берді. Ол үшін купонда жасырылған қайталанбайтын кодты www.fifa.mcdonalds.kz сайтында тіркеп, онлайн ұтысты күту керек болды. Науқанға қатысу шарттары бойынша тіркелетін купондардың саны шектелген жоқ. 

Ұтыстар тәуелсіз қазылар алқасының және нотариустың қатысуымен өткізілді. Жеңімпазды кездейсоқ сандар генераторы анықтады. Бүкіл ұтыстар әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданында балалар ойын алаңын және саяжолды абаттандыру

McDonald’s® Қазақстан компаниясы отбасылық құндылықтарды қолдай отыра және ата-аналар мен балалардың бірлескен демалысы үшін шығып отырып, Орбита-3 шағын ауданындағы 5 «В» үйдің жанында Торайғыров және Біржан көшелерінің аралығында Мұстафин көшесі бойында, балалар ойын алаңы мен саяжолды абаттандырудың бастаушысы болды. Салым  сомасы шамамен 36 млн. тенгені құрады. 

 

Мемлекет және бизнес: жылдам тамақтандыру саласының әлемдік үздігі McDonald's компаниясы қала әкімдігінің еріктілерін тегін тамақпен қамтамасыз ететін болады.

7 маусымда Астанада Астана қалалық әкімдігі мен McDonald's Қазақстан арасында біріккен ынтымақтастық туралы меморандумға ресми қол қою рәсімі өтті.

McDonald’s® Қазақстанға 1 жыл!

2017 жылғы 8 наурыз күні McDonald’s® Қазақстан өзінің бірінші туған күнін атап өтті. Мерекеге арналған шара Астана қаласында, Қабанбай батыр 26 мекенжайында орналасқан алғашқы McDonald’s® мейрамханасында ұйымдастырылды. Бұл күні мейрамханаға келушілерді арнайы шақырылған қонақ – барлық балалардың досы және бүкіл әлемдегі McDonald’s® рәмізі, әйгілі Рональд Макдональд күтіп тұрды.  Ол өзінің шоу бағдарламасымен келіп, мерекеге қатысып, жайлы, көңілді және қонақжай ортада уақыт өткізуге келген көптеген балалар мен ата-аналарды жинады.

Алматыдағы екінші McDonald’s® мейрамханасының ашылуы

2016 жылы 24 желтоқсан күні сағат 13:00 Алматыда Абай даңғылынан жоғары Саин көшесі бойындағы Мамыр-4 ықшам ауданында жаңа McDonald’s® мейрамханасы ашылды.

Ашылу салтанатына Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Рақымбеков Бақытжан және Қазақстандағы McDonald’s® Бас директоры Кутлин Ленар қатысты.

Мейрамхана 460 ш.метрді қамтиды.Оның залында 86 орын, ал жазғы алаңында 44 орын бар. Мейрамхананы рәсімдеуде McDonald’s® үшін дәстүрлі түрде ашық реңктерде, табиғи материалдарды пайдаланып орындалған жаңа дизайн-концепциялар қолданылды.

Алматыдағы McDonald’s® мейрамханасының ашылуы

2016 жылдың 10 маусымында Алматыдағы McDonald’s® есігін ашты.
Франчайзинг келісім-шарты жүзінде ҚР аумағында McDonald’s® сауда белгісін пайдалану құқығына ие «Food Solutions KZ» компаниясы жақындағы бірнеше жыл ішінде Алматы және Астана қалаларында 15 астам мейрамхана ашуды жоспарлап отыр.

Дүниежүзіне белгілі желінің Алматы қаласындағы бірінші кәсіпорны Төле би көшесі, 41-үй мекенжайында орналасқан. Мұнда келушілерді ең жоғары сапалы өнім, үлгілі қызмет көрсету, ыңғайлы жабдықтар, тегін Wi-Fi, балаларға арналған ойын аймақтары, тапсырыстарды электронды түрде қабылдау арқылы қызмет көрсетудің заманауи жүйелері күтуде, тапсырыстарды қабылдау және беру нүктелерінің бөлінуі келушілерге анағұрлым жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. McDrive® жүйесі арқылы қызмет көрсету көліктен шықпай-ақ тапсырыс беруге, ақысын төлеуге және алуға мүмкіндік береді.

McDonald’s ® ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРІНШІ МЕЙРАМХАНАСЫН АШТЫ

Әлемге әйгілі McDonald’s ® желісі Астана қаласында республикамыздағы алғашқы мейрамханасының есігін айқара ашты. Ашу салтанатына Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, McDonald’s ® корпорациясының президенті Стив Истербрук, Ресейдегі McDonald’s ® президенті Хамзат Хасбулатов және Қазақстандағы франшиза иесі Қайрат Боранбаев қатысты.