Пресс-релизы

McDonald’s ® ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕЙРАМХАНАСЫН АШАДЫ

Бүгін McDonald’s ® корпорациясы  Қазақстандағы алғашқы кәсіпорнының ашылуы туралы хабарлады. 8 наурыз күні McDonald’s ® бірінші мейрамханасының ашылуы корпорацияның әлемнің 120-шы нарығына шығуының белгісі болғалы отыр. Қазақстандағы McDonald’s ® франшизасының иесі кәсіпкер Қайрат Боранбаев болды, ол, сондай-ақ, Беларусьтегі McDonald’s ® франчайзи болып отыр.