Балық

Балық

«Филе-о-фиш» сандвичін бүкіл әлем халқы жақсы көреді. Оны әзірлеу үшін біз нәлім тұқымдастарға жататын ақ балықты (минтай, пикша, сайда) қолданамыз, оларды Жаңа Зеландия жағалаулары маңынан, еуропалық қайраңның солтүстік теңіздерінен және Тынық мұхитынан аулайды.

McDonald's жеткізушілермен бірге балық аулау тәжірибесін жақсартуға үнемі күш салады - бұл мақсатта жыл сайын тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Ең жаңа ғылыми деректердің көмегімен балық қорының жағдайына, сапасын басқаруға, теңіз ортасын және биологиялық алуан түрлілігін сақтауға баға беріледі. Еуропа бойынша мойындалған Теңізге қамқорлық кеңесінің экологиялық тиімді балық аулау стандарты - MSC (Marine Stewardship Council) сертификаттауы бұл жұмыстың кепілгері және нәтижесі болып табылады