Кофе

Кофе

Күніңізді сергек бастау үшін біз сізге әрқашан жаңа ғана ұнтақталған дәнді кофені ұсынуға дайынбыз. McDonald’s негізгі мәзіріне арналған кофе үшін екі сұрыптың қоспасы қолданылады: 80% арабика және 20% робуста.

Қазақстанда McDonald’s үшін кофені бүкіл әлемге танымал, Ресейде дәндерді қуыруға арналған жеке зауыты бар «Paulig» компаниясы жеткізеді. Компания мейрамханаларға экологиялық тиімді кофелерді ғана жеткізеді, мұны 2007 жылы алған UTZ CERTIFIED халықаралық сертификаты растайды.

UTZ-сертификаты кофенің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық талаптарды ұстана отырып дайындалғанын, кофені өсіру және кейінгі өңдеуге қатысқан адамдарға әлеуметтік жауапкершілікпен қарап, қамқорлық жасалғанын көрсетеді