McCafé® — Мәзір

McCafé®

Біз сіздерді жаңартылған McCafe®-ге шақырамыз!

McCafe® - бұл McDonald's® мейрамханаларында орналасқан жайлы кофеханалар. Осында сіз әрқашан жеңіл, жайлы атмосферадан, сондай-ақ біздің кофенің, десерттер мен басқа тағамдардың керемет дәмінен ләззат ала аласыз.

Біз тек керемет кофе жасап қана қоймай, сізді өз толқыныңызға шығуға көмектесемiз. Өйткені, дұрыс көңіл күй әрқайсымызға жағымды эмоциялар мен жоғары нәтижелерге бет алуға көмектеседі.

McCafe®-де кофенің керемет дәмімен бірге өз толқыныңызға шығыңыз!

McCafe®-де кофенің керемет дәмінің құпиясы неде?

Біз Үндістаннан, Орталық және Оңтүстік Америкадан мұқият таңдалған 100% арабика Paulig компаниясының дәндерін қолданамыз, олар жұмсақ, қуаттандыратын қоспаға жиналады, бұл сіздің өз толқыныңызға шығуға көмектесетін кофе үшін негіз болады.

Біз тұрақты қонақтарға кофе сыйлаймыз!

Бейілділік картасын жасап, әр 6-шы кофені сыйлық ретінде алыңыз. Картаны жасау үшін мейрамхана қызметкеріне жолығыңыз.

Біздің кофе дәндерінің негізгі жеткізушісі Paulig компаниясы бүкіл әлем бойынша плантацияларда жұмыс істейтін адамдардың қамын ойлайды.

McCafe®-де қолданылатын Paulig компаниясының кофесі арнайы UTZ сертификатына ие. Бұл сертификат кофенің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық талаптарды, әлеуметтік жауапкершілік талаптарын сақтай отырып және біздің кофені өсіретін және өңдейтін адамдарға қамқорлық жасай отырып жасалғанын білдіреді.

;

Біздің мекенжайларымыз