Сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз – бізге басым маңызды

20 наурыз 2020

Осы себептен, соңғы оқиғаларға байланысты біз Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы мейрамханалар залдарының есіктерін жабу туралы шешім қабылдадық. Ақтөбе және Қостанай қалаларында біздің мейрамханаларымыздың залы 7: 00-ден 22: 00-ге дейін жұмыс істейді.

Дегенмен, барлық қауіпсіздік стандарттар мен ережелерді сақтай отырып, біз қонақтарымызға McDrive қызметін пайдалануды ұсынамыз, онда сізге өз көлігіңізден шықпай, сүйікті тағамдарыңыз қауіпсіз беріледі. McDrive техникалық үзілістен басқа, тәулік бойы жұмыс істейді.

Біз сонымен қатар, Wolt, Chocofood және Яндекс.Такси серіктестеріміз арқылы байланыссыз жеткізілімді қолдануды ұсынамыз. Жеткізілім Алматы қаласында, серіктестеріміздің жұмыс кестесіне сәйкес атқарылады.

Бүгін (18.03), барлық қалалардағы мейрамханалар залы 22: 00-ге дейін жұмыс істейді. McDrive қызметі тәулік бойы, техникалық үзілістен басқа уақытта жұмысын орындауда.

 

Сіздің қауіпсіздігіңіздің қамын ойлаған, McDonald's® Қазақстан.