Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавирустық індет салдарымен күресуге 1 миллиард теңге бөлді.

21 наурыз 2020

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавирустық індет салдарымен күресуге 1 миллиард теңге бөлді.

Ақша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы таратылады. ⠀

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев бұған дейін Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрі қоймасы жарылғаннан кейін көмек көрсету үшін қаражат бөлген. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге олар келтірілген залалдың көлемімен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды - мектеп пен балабақшаны қалпына келтіруді ұйғарды. Осы мақсатта олар 1 миллиард теңге бөлді.

Еске салайық, Қайрат Боранбаев - McDonald's компаниясының Қазақстандағы  DL серіктесі.

Өкінішке орай, қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. 16 наурыздан 15 сәуірге дейін азаматтарды COVID-19 пандемиясынан қорғау үшін төтенше жағдай енгізілді.

Осыған байланысты 19 наурыздан бастап Алматы және Нұр Сұлтан қалаларындағы McDonald's мейрамханаларының барлық залдары, вирус мейрамхана қонақтары арасында таралмауы үшін, жабылды. Дегенмен, мейрамханаға келушілер McDrive қызметін қолдана алады немесе Алматыдағы серіктестеріміз - Wolt, Chocofood немесе Яндекс.Такси қосымшасы арқылы тағамға тапсырыс бере алады.