McDonald’s® мейрамханасының директоры Саят Аукен беделді Рэй Крок сыйлығымен марапатталды.

18 қыркүйек 2020

Рэй Крок сыйлығы екі жылда бір рет беріледі. Әлемдегі 37 000 мейрамхананың ішінде ең нәтижелі 365 мейрамхана директорларының тізімі анықталып, жеңімпаздар McDonald's® бүкіләлемдік конвенциясында марапатталады. Керемет іскери көрсеткіштерінің арқасында, Қазақстанның атынан MEGA Alma-Ata мейрамханасының директоры Саят Аукен ұсынылды. Ол дүние жүзі бойынша ең үздік МсDonald's® мейрамханасы директорларының 1%-ына кірді.

Саят сыйлықты келесі жылы АҚШ-тағы McDonald’s® компаниясының әлемдік директорының қолынан алады. Cимволикалық марапат рәсімі, жоғары басшылық өкілдері мен акционер Боранбаев Қайрат Советаевичтің қатысқан, McDonald's мейрамханалары директорларының қорытынды кеңесінде 2020 жылдың 10 қыркүйегінде өтті.