McDonald’s-ты қалаушы күні!

09 қазан 2020


5 қазан күні, дүние жүзіндегі барлық McDonald’s® бар мемлекеттерде компания дәстүрлі мерекені, Қалаушы Рэй Кроктың құрметіне арнап, атап өтті. Бұл күні біз мейрамханалар қызметкерлеріне күнделікті жұмыстары үшін, көрсеткен сапалы қызметі үшін және қонақтарымызға көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтамыз.



Биылғы жыл COVID-19 пандемиясының салдарынан McDonald’s® мейрамханаларының қызметкерлері үшін қиын болып шықты. Төтенше жағдай мен күшейтілген карантин мезгілдерде McDonald’s® мейрамханалары McDrive® және McDelivery® қызметтерінің арқасында жұмысын жалғастырған азғана компаниялардың бірі болғанын ескертеміз.



Биылғы жылы, McDonald’s® корпорациясының Қазақстандағы DL-серіктесі, Боранбаев Қайрат Советаевич бастаған басшылық тобы мейрамханалар қызметкерлерді жақсы жұмыстары үшін сыйлықтар табыстап, жеке құттықтады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы 16 McDonald’s® мейрамханаларында 900-ден астам адам жұмыс істейді, негізінен 21-22 жас аралығындағы жастар.