Универсиадамен ұсынылды

10 желтоқсан 2016

«Достар, жақсы хабарды жеткізуге асығамыз! Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық аясында Алматының дамыту орталығы жасырын түрде қоғамдық тамақтандыру нысандарының және қонақтарды орналастыру орындарының  қонақжайлық деңгейін анықтау мақсатында тексеру жүргізді,  және біздің McDonald’s® жедел қызмет көрсету  мейрамханалары «Универсиадамен ұсынылды» сертификатын иеленді.  
Ескертеміз, Дүниежүзілік қысқы универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8  ақпанына дейін өтеді. Студенттер ойындарының бағдарламасына спорттың 12 түрі кіреді. Алматыға әлемнің 57 елінен  2 мың спортсмен келеді деп күтілуде».