Одан да жақынырақ! Одан да көп қуаныш!

26 желтоқсан 2016

McDonald’s® әрбір қонаққа жақын болуға тырысады, сондықтан жаңа мейрамханалар саны артуда!

Осылайша, 24 желтоқсан күні Абай даңғылынан жоғары Саин көшесінің бойындағы Мамыр-4 ықшам ауданында Алматы қаласындағы екінші McDonald’s® мейрамханасы ашылды.

Мейрамхананы рәсімдеуде McDonald’s® үшін дәстүрлі түрде ашық реңктерде, табиғи материалдарды пайдаланып орындалған "Lim Clan" концепциясының жаңа дизайны қолданылды. Бұл әрбір қонақ өзін жайлы және еркін сезінетіндей етіп, шырайлы қонақжайлы атмосфера құруға мүмкіндік берді.

McDonald’s® басқа мейрамханаларындағыдай мұнда әрдайым сізге тегін Wi-Fi және кассирге жолықпай өздігінен тапсырыс жасап, банк карточкасымен төлем жасауға мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсететін киоскілер бар.

Ал McDrive сервисін пайдаланып, автомобилден шықпай, сүйікті тағамдарға тапсырыс беруге, төлеуге және тапсырысты санаулы минут ішінде тапсырысты алуға болады.

Сізді жаңа мейрамханада күтеміз!