5 жыл – бұл бастамасы ғана!

08 наурыз 2021

Бүгін McDonald's® Kazakhstan компаниясы мерейтойын атап өтіп жатыр. Осыдан тура 5 жыл бұрын, біз, елордамыздан алғашқы мейрамханамызды аштық. Осы кезге дейін еліміздің 5 қаласынан 20 мейрамхана ашып, ұзақ сара жолды жүріп өттік.



Бірақ бұнымен тоқтап қалмадық. Біз жергілікті жеткізілімдерді реттеп, өндірістік-логистикалық орталығымызды аштық, тіпті өзіміздің бургерлерімізді де шығарып үлгердік.

Біз өз ісімізбен айналамызды нұрландырып жүреміз. Балалар алаңдары мен скейтпарктер құрып, қайырымдылық жасап, мыңдаған адамның армандарын орындаймыз. Жүздеген қазақстандықтарға мансаптық амбицияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береміз, өйткені біздің бас кеңседе жұмыс жасайтын қызметкерлердің 40%-ы өз мансаптарын мейрамханада жұмыс істеуден бастаған.

Осы бес жыл ішінде біз жиырма бес миллион қонаққа қызмет көрсетіп, екі жарым миллион Биг Мак, он миллионнан астам порция фри картобын дайындап, бір жарым миллионнан астам сүйікті Хэппи Милл ойыншықтарыңызды тараттық.

5 жыл – бұл тек бастамасы ғана деп үміттенейік, Ал, біз, қазақстандықтарға бұдан да қызықты ұмытылмас сәттер сыйлай алатындығымызға сенеміз.

Шыңдарды бірге бағындырайық!

Құрметпен, McDonald's® Kazakhstan жанұясы.

Открыть мобильное приложение