McDonald’s® Қазақстанда 1 жыл!

07 наурыз 2017

Осы жыл бойы біз көп нәрсе істеп үлгердік және әрі қарай дамуымызды жалғастыру үстіндеміз!

Осы мереке қарсаңында шамалы қорытынды келтіргіміз келіп отыр:

- біз 5 мейрамхана ашып үлгердік;

- 500-ден астам адамды жұмыс орындармен қамтамасыз еттік;

- біздің www.rabotavmcdonalds.kz сайтымызға 20 000-нан астам үміткерлерден түскен сұраным қабылдадық;

- Қазақстандағы McDonald’s® мейрамханаларымызға 2 млн.-нан астам қонақ келді;

- 350 000-ден астам Биг Мак сандвичтері қонақтарымызды қуантты;

Дегенмен біздің жұмысымыз тек сандар ғана емес. McDonald’s® білімдегі, мәдениеттегі және спорттағы түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қолдап ел тіршілігінде белсенді түрде қатысады.

McDonald’s® мейрамханасын Астанада ашқан уақытта «Светоч» балалар үйі үшін 10 млн. теңге жиналған болатын, және де McDonald’s® мейрамханасы Алматыда ашылғанда, «Мейірім» балалар сауықтыру орталығы үшін 5 млн. теңге жиналды.

McDonald’s®, әдепті көрші ретінде, мейрамхана маңайындағы аумақты асылдандыру бойынша бастама білдірді, сонымен қатар алматылық аулалардың бірін заманауи балалар алаңшасымен жабдықтап жөндеді.

McDonald’s® қазақстандық спортты қолдау саласында белсенді жұмыс жүргізіп жүр. 2016 жылдың көктемінде McDonald’s® Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитетінің ресми демеушісі атанды.

Біз Сіздермен Алғашқы Туған Күнімізді тойлау қуанышымызбен Астанадағы McDonald’s® мейрамханасында бөліскіміз келіп отыр.

Осы күні, біз ерекше сыйлық дайындадық – бізге Рональд Макдональдтің өзі келейін деп отыр! Көптеген қуаныш, шаттық және тамаша көңіл күй болады.

Сіздерді 8 наурыз күні сағ. 13.00-де Астана қ., Қабанбай батыр даңғ. 26 мекен-жай бойынша күтеміз.

Мерекелерімізді бізбен бірге бөлісуге келіңіздер!