Қазақстандағы McDonald’s®-тың иесінің құттықтауы

15 наурыз 2017

Қымбатты Достар,

Сіздерді біздің ортақ мерекеміз –McDonald’s®-тың Қазақстандағы бірінші туған күнімен құттықтаймын! Біз бірігіп үлкен жұмыс атқардық, мен Сіздердің әрқайсысыңызға ортақ ісімізге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтқым келеді!

Бұл жыл барлығымыз үшін өнімді және өте табысты болды! Біз бірлесіп көп нәрсеге қол жеткіздік, енді ортақ атқарған жұмысымызды қорытындылайық.

Біз 5 мейрамхана ашып, 500-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз еттік. Біздің мейрамханаларымызға екі миллионға жуық адам келді! Бұл қомақты сандар біздің жұмысымыздың бір бөлігі ғана!

McDonald’s® компаниясы білім, мәдениет және спорт салаларындағы түрлі әлеуметтік бағдарламаларға демеушілік жасай отырып, еліміздің тынысына белсенді қатысады.

Біз осыдан бір жыл бұрын Астана қаласында алғашқы McDonald’s® мейрамханасын ашқанда-ақ осы бағытта жұмыс істей бастадық. Ол кезде «Светоч» балалар үйіне 10 миллион теңге берілді. Біз бұл дәстүрді Алматыда да жалғастырдық, мұнда мейрамхананың ашылуына орай «Мейірім» балалар оңалту орталығының бағдарламаларына 5 миллион теңге жұмсалды.

Оған қоса, біздің компания қазақстандық спортқа демеушілік көрсету саласында да құлшына жұмыс істеп, белсенді және салауатты өмір салтын көпішілк арасында таратуға арналған жобаларға айрықша көңіл бөледі.

2016 жылдың көктемінде McDonald’s® Қазақстан Ұлттық Паралимпиялық Комитетінің ресми демеушісі атанды. Еліміздегі ең танымал және сүйікті футбол командаларының бірі – «Қайрат» футбол клубымен серіктестік McDonald’s® үшін белсенді өмір сүру салтына қолдау көрсетудегі жаңа кезең болды.

Бұл біздің жұмысымыздың негізгі қорытындылары ғана. Біз дамып, ортақ мақсаттарымызға жету үшін алға басып келеміз!

Осы сәтті пайдалана отырып, барлық әйелдерді көктемнің ғажайып мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер Күнімен құттықтағым келіп отыр!

Әрбір әйелдің өмірінде бақытты сәттер көп болсын, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын және гүлдей құлпыра беріңіздер! Барлық істеріңіз алға басып, сәтті болсын!

Мол табыс және көптеген жеңістер тілеймін!

Құрметпен,

Боранбаев Қайрат Советайұлы