«Қайрат» футбол клубымен серіктестік

17 наурыз 2017

McDonald’s® компаниясы халық арасында спорт пен салауатты өмір салтын таратуды көздеген жобаларға айрықша көңіл бөледі. Бұл дені сау қоғамды дамытуды мақсат еткен McDonald’s® корпоративтік философиясының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Біздің компания ең ірі дүниежүзілік спорт оқиғаларына, оның ішінде FIFA, UEFA чемпионаттары мен турнирлеріне, сонымен қатар Олимпиада Ойындарына қолдау көрсетеді.

Қазақстан нарығында қызмет етіп келе жатқанына бір жыл ғана болғанымен , McDonald’s® компаниясы қазақстандық спортқа құлшына демеушілік етеді.

2016 жылдың көктемінде McDonald’s® Қазақстан Ұлттық Паралимпиялық Комитетінің ресми демеушісі болып, Рио-де-Жанейродағы ойындарға сапар шеккен спортшыларға белсенді қолдау көрсетті.

Еліміздегі ең танымал және сүйікті футбол командаларының бірі «Қайрат» футбол клубымен серіктестік McDonald’s® үшін қазақстандық спортты дамытудағы жаңа кезең болып табылады. «Қайрат» ФК Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер футболын дамытумен белсенді түрде айналысады, бұл McDonald’s® компаниясының жоспарлары мен корпоративтік құндылықтарына сай келеді.

Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде жақында жаңа футбол дарындарының пайда болуы сөзсіз!