Астанада Астана қаласының әкімдігі мен McDonald’s® Қазақстан арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға ресми қол қойылды

08 маусым 2017

Тез қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы McDonald’s® Астана қаласы Әкімдігінің Ресми әріптесі және қаланың «Recommended by EXPO» бағдарламасының Алтын Әріптесі атанды, осы арқылы астана әкімшілігінің еріктілерін тегін аспен қамтамасыз етеді.

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық арнайы көрмесі аясында, әлемдегі тез қызмет көрсететін ең ірі мейрамханалар желісі Астана қаласы әкімдігінің еріктілеріне тегін түскі ас беретін ресми әріптес болып таңдалды.

Меморандум негізінде көрменің жұмыс жасайтын толық кезеңінде(90 күн) қала бойынша қызмет ететін еріктілерге күнделікті ас беріледі. Барлық еріктілер «Астана ЭКСПО-2017» туралы ерекше ынта білдірді және әлемдік көшбасшы McDonald’s® қолдау білдіргеніне қуанышты.

McDonald’s® әлеуметтік жауапкершілікті компания бола отырып, қоғамдық өмірге әрқашан белсенді араласады. Компания өмір сапасын жақсартуға көмектеседі, қайырымдылық жобаларды қолдайды және өмірді одан да жақсарту үшін компанияның барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын максималды қолданады.