Астана қаласының Алтын Әріптесі

09 маусым 2017

Бізге әрқашан сіздермен жақсы жаңалықтарымызбен бөліскен ұнайды. McDonald’s® Астана Қаласының “Recommended by EXPO2017” Алтын Әріптесі мәртебесін алды. Жобаны ұйымдастырушылар – Астана қаласы әкімдігі және арнайы комиссия қаланың Әріптестер тізімін таңдады, олардың қатарына қоғамдық тамақтану объектілері, қонақүйлер, транспорттық компаниялар және туристік сфера кәсіпорындары кірді. Жоба қатысушыларының басты мақсаты – Астанадағы ЭКСПО-2017 қатысушылары мен келушілеріне жоғарғы сервистік қызмет көрсетуді және туристердің қолайлы келуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл Жоба аясында McDonald’s® еріктілерді ЭКСПО-2017 көрмесі өтуінің барлық кезеңінде дәмді түскі аспен қамтамасыз етеді.

Халықаралық ЭКСПО-2017 арнайы көрмесі 2017 жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтеді. ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет-қатысушы және 18 халықаралық ұйымдар қатысады. Алдын ала болжам бойынша ЭКСПО-2017 көрмесіне 5 млн. келуші келеді деп күтіліп отыр.