«СІЗГЕ МАҢЫЗДЫСЫ, БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ» бағдарламасын өткізу ережелері

06 қазан 2017

ТЕРМИНОЛОГИЯ:

Ереже – Бағдарлама ережелерінің осы мәтіні;

Сауалнама – онлайн-сауалнамалау әдісімен Бағдарлама Ұйымдастырушысымен жүргізілетін келушілерден кері байланысты жинау;

Қатысушы – Ережеге сәйкес келетін және Ережемен белгіленген талаптарды орындаған тұлға;

Ұйымдастырушы - «Food Solutions KZ» ЖШС;

Купон – Сауалнама аяқталғаннан кейін  www.mcdonalds.kz сайтында Қатысушыға онлайн ұсынылуы мүмкін арнайы ұсынысқа берілетін Купон.

Мейрамхана- тауарлық белгісімен қоғамдық тамақтану кәсіпорны.

1. Жалпы ақпарат.

«СІЗГЕ МАҢЫЗДЫСЫ, БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ» атты бағдарлама (бұдан әрі Ереже мәтіні бойынша – Бағдарлама) Мейрамхана келушілерінен қызмет көрсету сапасы бойынша кері байланысты алу мақсатында Ұйымдастырушымен жүргізіледі.

2. Бағдарламаның сипаттамасы.

«СІЗГЕ МАҢЫЗДЫСЫ, БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ» - бұл Ережеге сәйкес келетін және Ережемен белгіленген талаптарды орындаған тұлға – Бағдарлама қатысушысы толтыра алатын онлайн-сауалнама. Онлайн-сауалнамаға Бағдарламаға қатысатын Қатысушыға Мейрамханада қызмет көрсету сапасы бойынша сұрақтар кіреді.

3. Бағдарлама ұйымдастырушысы туралы мәліметтер.

3.1 Бағдарлама «Food Solutions KZ» ЖШС-мен жүргізіледі (орналасқан жері:  Алматы қ., Тимирязев к., 18а үй, БСН 131 040 003 151);

3.2 Бағдарламаға қатысатын Қатысушылардың Мейрамханаға баруы туралы пікірлерін қалдыруға болатын интернет желісіндегі сайт: www.mcdonalds.kz

3.3 Ұйымдастырушы осы Бағдарламаны орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға құқылы. Ұйымдастырушы онымен тартылған тұлғалардың әрекеті үшін, соның ішінде құпия ақпаратты таратқаны үшін өз әрекетіндей жауапты.

4. Бағдарламаны өткізу мерзімдері.

4.1 Бағдарлама осы Бағдарламаға қатысатын Мейрамханалар үшін 2017 жылдың 1 қазанынан бастап өткізіледі.

4.2 Мейрамхана, оны онлайн-сауалнама жүйесіне қосқан сәттен бастап және осы Мейрамхананың чектерінде онлайн-сауалнама жүйесіне кіру коды пайда болған сәттен бастап «СІЗГЕ МАҢЫЗДЫСЫ, БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ»  бағдарламасының қатысушысы болып есептеледі.

4.3 Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша, қосымша хабарландырусыз Бағдарламаны өткізу мерзімін анықтауға құқылы.

 

5. Бағдарламаға Қатысушылар, Бағдарламаға Қатысушылардың құқықтары.

5.1 Бағдарламаға қатысатын McDonald’s  мейрамханасында сауда жасаған, 18 жасқа толған әрекет етуге қабілетті тұлға Бағдарламаға Қатысушы бола алады. Мейрамхана басшылары мен қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және олармен бірге тұратын азаматтар Қатысушы бола алмайды.

5.2 Әр Қатысушы бір күнде және бір айда сауалнаманың шектеулі санын толтыра алады.

5.2.1 Ұйымдастырушы онлайн-сауалнамалар бойынша шектеулерді анықтауға және өзгертуге құқылы.

5.2.2 Ұйымдастырушы онлайн-сауалнамалар бойынша шектеулердің болуы немесе олардың өзгеруі туралы  Қатысушыларды және басқа клиенттерді  хабарландырмайды.

5.3 Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен, сонымен қатар Ережелермен белгіленген құқықтарға ие және міндет атқарады.

5.4 Бағдарламаға қатысатын Мейрамхана қатысушылары төленген тапсырыспен, чекте сауалнамадан өтуге шақыру мен бірегей код алады. Кодтың әрекет ету мерзімі 7-күн. Ұйымдастырушы бірегей коды бар чектің шығуын, тапсырма сомасы бойынша белгілеуге құқылы.

5.5 Қатысушы Сауалнаманы сауда жасаған соң, 7 күн ішінде толтыра алады.

5.6 www.mcdonalds.kz сайтына кіріп, Қатысушы  чегіндегі бірегей кодты енгізіп, сауда жасаған мейрамханадағы қызмет көрсету сапасы бойынша онлайн-сауалнамадан өте алады.

6. Онлайн-сауалнаманы толтырғаны үшін арнайы ұсыныс.

6.1 Сауалнаманы толтырғаны үшін, Бағдарлама Ережесімен белгіленген талаптарды орындаған Сауалнама Қатысушысына арнайы ұсынысқа купон ұсынылуы мүмкін.

6.2 Купон Сауалнама аяқталған соң, www.mcdonalds.kz сайтында беріледі.

6.3 Арнайы ұсынысқа Купон беру фактісі, тәртібі және мерзімі, сонымен қатар арнайы ұсыныстың мазмұны Ұйымдастырушымен анықталады және Ұйымдастырушының қалауынша өзгертіле алады.

6.4 Купонның әрекет ету мерзімі - 30 күн.

7. Арнайы ұсынысты алу тәртібі.

7.1 Купон бойынша арнайы ұсынысты алу үшін Қатысушы арнайы ұсынысты алу шарттарын орындауы тиіс: 1500 тг және одан артық сомаға тапсырыс беруі, Бағдарламаға қатысатын  және арнайы ұсынысты ұсынатын Мейрамхана кассасына бірегей коды бар чекті және келесі кез келген форматтағы Купонды ұсынуы тиіс: Купонның басып шығарылған түрі немесе ұялы телефон экранындағы оның бейнесі - PDF формат немесе графикалық бейне. Чек пен Купондағы кодтар сәйкес келсе және 1500 тг минималды сомаға тапсырыс беру шарты орындалса, Қатысушы Купонда сипатталған арнайы ұсынысты Купонның әрекет ету мерзімі ішінде алады.

7.2 Арнайы ұсыныс Мейрамхана кассасында тапсырыс берген кезде рәсімделеді. Арнайы ұсыныс Өзі-өзіне қызмет көрсету киоскісіне тапсырыс бергенде алына алмайды. Ұйымдастырушымен белгіленген және Купонда көрсетілген арнайы ұсыныстар айырбасталмайды және басқа өніммен немесе ақшалай баламамен ауыстырыла алмайды.

8. Бағдарламаны өткізу мерзімі мен шарттары туралы ақпараттандыру әдісі мен тәртібі.

 

8.1 Бағдарлама Ережелері Бағдарламаға қатысатын Тұтынушы Бұрышында, сонымен қатар www.mcdonalds.kz сайтында орналасады.

9. Қосымша шарттар.

9.1 Қатысушы www.mcdonalds.kz сайтында Сауалнаманы толтырып, осы Ережемен шартсыз келісімін білдіреді.

9.2 Бағдарлама Ұйымдастырушысы, сонымен қатар оның уәкілетті тұлғалары онлайн-сауалнаманы толтыруға мүмкіндік бермейтін, Қатысушы қосылған интернет-провайдердің желісіндегі техникалық ақаулар, Қатысушы қосылған интернет байланыс операторының әрекеті/әрекетсіздігі үшін жауапты болмайды.

9.3 Бағдарлама Ұйымдастырушысы электрондық пошта, сонымен қатар Сауалнаманы толтыру арқылы келіп түскен Бағдарлама Қатысушысының өтініштеріне, сұрақтарына және өзге хабарламаларына жауап бермеуге құқылы.

9.4 Бағдарлама Ұйымдастырушысы, сонымен қатар уәкілетті тұлға Қатысушылар алдында Қатысушыларды Бағдарлама Ережелерімен таныстырмағаны, сонымен қатар Ережемен қарастырылған Қатысушылардың міндеттерін орындамағаны (мерзімінде орындамағаны) үшін жауапты емес.

9.5 Ұйымдастырушы Қатысушы қателігінің салдарынан, соның ішінде (басқаларын қоса) соңғысының шығындарына жауапты болмайды.

9.6 Ұйымдастырушы Қатысушымен дұрыс көрсетілмеген мәліметтері үшін жауапты болмайды. Соның ішінде егер Ұйымдастырушы Қатысушымен көрсетілген деректері бойынша байланыса алмаса.

9.7 Осы Бағдарламаға қатысты барлық даулы сұрақтар ҚР қолданыстағы заңнамасының негізінде реттеледі.

9.8 Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша, қосымша ескертусіз Бағдарламаның шарттарын өзгертуге, Бағдарламаның әрекет ету мерзімін, Бағдарламаға қатысатын Мейрамханалардың тізімін, сонымен қатар онлайн-сауалнамадан өткені үшін арнайы ұсыныс Купонын ұсыну тәртібін анықтауға және өзгертуге құқылы.

9.9 Бағдарлама Қатысушыларына тыйым салынады:

9.9.1 Балағат сөздерді немесе жанама түрде оларды көрсететін сөздерді қолдануға (сонымен қатар балағат сөздерден тұратын суреттерді қолдануға тыйым салынады).

9.9.2 Сайттың басқа қатысушыларына ашық түрде жақтырмаушылықты көрсетуге.

9.9.3 Мейрамханалардың әкімшілігі мен қызметкерлеріне сыйламаушылық білдіруге.

9.9.4 Нәсілшілдік, ұлтшылдық, сексуалды азшылық топтарды сыйламауға және осындай көзқарастарға.

9.10 Бағдарлама Ережесін бұзған жағдайда, Ұйымдастырушы  ауызша бас тарту немесе барлық тиісті ресурстардан оның түсініктерін бұғаттау және жою арқылы Ережені бұзған тұлғаны Бағдарламаға қатыстырудан бас тарта алады.

9.11 Бағдарлама шағымдарды, наразылықтарды немесе залалды/шығынды өтеу туралы талапты бағыттауға арналған ресурс болып табылмайды. Көрсетілген құжаттарды жіберу жазбаша нысанда, осы Ереженің 3.1. тармағында көрсетілген Ұйымдастырушының мекен жайына жіберу арқылы жүзеге асырылады.