«FIFA Футболдан Әлем Чемпионаты Кубогының Туры» науқанының Ресми ережелері 25.01.18 ж.

25 қаңтар 2018

«FIFA Футболдан Әлем Чемпионаты Кубогының Туры» науқанының

Ресми ережелері    25.01.18 ж.

 

 

  1. 2018 жылдың 25 қаңтарынан 3 ақпанына дейін немесе билеттер бар болған мерзімге дейін, біржолғы тапсырыс шартында (комбинацияда):

Биг Мак

Фри картобы (кез келген порциясы)

Coca-Cola (кез келген порциясі)

 

Сатып алушы FIFA Футболдан Әлем Чемпионаты Кубогының Турына билетті сыйлыққа алады.

  1. Ұсыныс Алматы қаласында орналасқан барлық McDonald’s® мейрамханаларында өткізіледі.  
  2. Науқан билеттер бар болған уақытқа дейін жүргізіледі. 
  3. Сатып алушы ресторан залының кассасында немесе өзіне өзі қызмет көрсету киоскілері арқылы сатып алған жағдайда тапсырыс чегін арнайы мөр басуға беріп, билетті өзінің тапсырысымен бірге алады.
  4. Сатып алушы, McDrive арқылы тапсырыс жасаған жағдайда, билетті тапсырысын төлеген кезде арнайы мөр басылған чегімен бірге алады.
  5. Бір чекпен сыйлыққа билетті/билеттерді өнімдерді сатып алған күні бір рет қана алуға болады, арнайы штамп басылған чекпен науқанға қайта қатысуға болмайды. 
  6. Арнайы штамп басылған, жыртылған және фискалды емес чектер науқанға қатыса алмайды.  
  7. Билеттерді алу үшін сатып алушы бір күнде және науқан мерзімінде ұсынған чектердің саны, оған қоса бір чектегі науқан шарттарына сәйкес өнім атауларының комбинациясының саны шектелмейді – сатып алушы сатып алу күнінде чекте немесе чектерде көрсетілген, науқан шарттарына сәйкес келетін өнім комбинацияларына тең билеттер санын алуына болады.  
  8. Ұйымдастырушы кезкелген уақытта науқанды тоқтату немесе жалғастыру құқығын өзіне қалдырады, сондай-ақ ол, осы Ресми ережелерді өз қалауына қарай өзгертуге құқылы. 
  9. Науқан бойынша Ұйымдастырушы ұсынған билеттерді сатуға немесе қайта сатуға тыйымм салынған.
  10. Ешқандай жағдайда билеттер құнына тең ақшалай немесе қандай да басқа баламасына ауыстырылмайды. 
  11. Науқанға қатыса отырып, Сіз осы Ресми ережелердің мәтінімен мұқият танысқаныңызды және еш шектеулерсіз әрі айрықшаларсыз осы Ресми ережелердің шарттарымен және ережелерімен сөзсіз келіскеніңізді автоматты түрде растайсыз.  
  12. Науқанды ұйымдастырушы: «Food Solutions KZ» ЖШС, 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев көш., 18А үй.