Пресс-релизы

Алматыдағы McDonald’s® мейрамханасының ашылуы

2016 жылдың 10 маусымында Алматыдағы McDonald’s® есігін ашты.
Франчайзинг келісім-шарты жүзінде ҚР аумағында McDonald’s® сауда белгісін пайдалану құқығына ие «Food Solutions KZ» компаниясы жақындағы бірнеше жыл ішінде Алматы және Астана қалаларында 15 астам мейрамхана ашуды жоспарлап отыр.

Дүниежүзіне белгілі желінің Алматы қаласындағы бірінші кәсіпорны Төле би көшесі, 41-үй мекенжайында орналасқан. Мұнда келушілерді ең жоғары сапалы өнім, үлгілі қызмет көрсету, ыңғайлы жабдықтар, тегін Wi-Fi, балаларға арналған ойын аймақтары, тапсырыстарды электронды түрде қабылдау арқылы қызмет көрсетудің заманауи жүйелері күтуде, тапсырыстарды қабылдау және беру нүктелерінің бөлінуі келушілерге анағұрлым жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. McDrive® жүйесі арқылы қызмет көрсету көліктен шықпай-ақ тапсырыс беруге, ақысын төлеуге және алуға мүмкіндік береді.

McDonald’s ® ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРІНШІ МЕЙРАМХАНАСЫН АШТЫ

Әлемге әйгілі McDonald’s ® желісі Астана қаласында республикамыздағы алғашқы мейрамханасының есігін айқара ашты. Ашу салтанатына Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, McDonald’s ® корпорациясының президенті Стив Истербрук, Ресейдегі McDonald’s ® президенті Хамзат Хасбулатов және Қазақстандағы франшиза иесі Қайрат Боранбаев қатысты.

McDonald’s ® ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕЙРАМХАНАСЫН АШАДЫ

Бүгін McDonald’s ® корпорациясы  Қазақстандағы алғашқы кәсіпорнының ашылуы туралы хабарлады. 8 наурыз күні McDonald’s ® бірінші мейрамханасының ашылуы корпорацияның әлемнің 120-шы нарығына шығуының белгісі болғалы отыр. Қазақстандағы McDonald’s ® франшизасының иесі кәсіпкер Қайрат Боранбаев болды, ол, сондай-ақ, Беларусьтегі McDonald’s ® франчайзи болып отыр.

Открыть мобильное приложение